Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасадыФото: DAZN Boxing
Отандасымыз 2021 жылдың желтоқсанында WBA Super белбеуінің иегері жапон Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесу өткізуі керек болатын. Бірақ Жапонияда коронавирусқа байланысты карантин шаралары күшейтіліп, айқас кейінге қалды. Енді бұл жекпе-жек көктемде өтуі мүмкін.
«Жаттығу лагеріне қайта оралып, командамды көргеніме қуаныштымын. Жуырда Жапонияда өтетін айқастың нақты күні айтылады деп үміттенемін. Дайындалып жатырмыз», — деп жазды Головкин.