ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА БІЛІМ ОШАҒЫ САЛЫНАДЫ
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА БІЛІМ ОШАҒЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы, Келес ауданының Жүзімдік ауылдық округінде жеке кәсіпкер Қырмызы Оспанова 300 орындық бастауыш мектебін салуды жоспарлауда. Ол мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Толағай» балабақшасы жанындағы қажетті жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертіп, жергілікті әкімдікпен жоспарын бекітті. Қазір жоспарды орындау мақсатында тиісті құжаттары дайындалуда.
Құрылғанына көп болмаған Келес ауданында әлеуметтік нысандар салу, инфрақұрылымын жақсарту бағытында жұмыстар жалғасуда. Ауданның 4 ауылдық округіне учаскелік полиция пункті қажет. Олар – Бірлік, Жүзімдік, Бозай және Жамбыл ауылдық округтері. Осы бағытта тұрғыны тығыз орналасқан Жүзімдік елді мекенінде жұмыс басталды. Ол үшін елді мекен аумағынан 0,08 га жер учаскесіне жер кадастрлық жоспары мен шешім шығарылып, құжаттары Түркістан облысының полиция департаментіне жолданды. Аталған ғимаратпен бірге учаскелік полицейдің тұратын қызметтік үйі де салынады деген жоспар бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____