ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК АРЗАН БАҒАДА ҰСЫНЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК АРЗАН БАҒАДА ҰСЫНЫЛДЫ
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Созақ ауданында да аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің тапсырмасымен осы бағытта жұмыс жүруде. Жоспарға сәйкес Шолаққорған ауылында «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қорынан қарастырылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті.
Аудан орталығында өткен әлеуметтік жәрмеңкеде картоп — 100, пияз — 70, сәбіз — 100, күнбағыс майы — 700, ұн — 7500, және тұз — 35 теңгеден сатылды. Жалпы жәрмеңкеде 3 тоннадан аса әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары ұсынылды.
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірмановтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жәрмеңкесін айына 2 рет тұрақты түрде өткізу жоспарға алынған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *