ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰНЫ 30 МЛН ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН НАУБАЙХАНА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰНЫ 30 МЛН ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН НАУБАЙХАНА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысы Келес ауданында жалпы құны 30 млн теңгені құрайтын наубайхана іске қосылды. Цехта 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер тұрғындарға қолжетімді бағада нан өнімдерінің онға жуық түрін сатылымға шығарған.
«Халқы тығыз орналасқан Абай ауылы тұрғындарының игілігі жолында қызмет атқарудамыз. Жұмысшылардың дені жергілікті азаматтар. Сұранысқа сай өнімдердің қуаттылығын арттырып, нарықтағы бағадан 10-15% төменгі бағада аудан халқын қамтамасыз етуге ниеттімін», — деді кәсіпорын басшысы Бағдат Лесбайұлы.
Алдағы уақытта аталған кәсіпорын базасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көзделуде. Сондай-ақ, нан өнімдерін көрші аудандарға да жеткізіп беру қызметін ұйымдастыру жоспарлануда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *