МҰРАТ ҚАБДЕНОВ — ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

МҰРАТ ҚАБДЕНОВ — ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Мұрат Қабденов тағайындалды. деп хабарлады aigak.kz

Мұрат Талапұлы Қабденов 1969 жылы 24 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Шымкент педагогикалық институтын тәмамдаған. 1996 жылы ҚР ІІМ-нің Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Қаржы полициясының полковнигі.

Органдағы қызметін 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының ІІБ ҚІБ криминалды полиция бөлімінің жедел уәкіл қызметінен бастады. Ол сондай-ақ Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында ІІД басшысының бірінші орынбасары, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары болған. ҚР ІІМ Көші-қон полиция комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет жасаған. 2012-2014 жылдары Павлодар облысы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (Қаржы полициясы) департаментінің бастығы болды

Мұрат Талапұлы бұған дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы лауазымын атқарып келді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *