ТҮРКІСТАН: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЖАЛАҚЫ МЕН ШӘКІРТАҚЫ ӨСЕДІ
ТҮРКІСТАН: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЖАЛАҚЫ МЕН ШӘКІРТАҚЫ ӨСЕДІ
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Парламент Мәжілісіндегі мәлімдемесінде білім саласында атқарылуы тиіс реформаларға тоқталған болатын. Соның ішінде, ЖОО-да техникалық мамандықтардың терең оқытылуы керектігін айтқан еді. Қазіргі таңда Президент тапсырмасына сәйкес, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгінгі брифингте Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова мәлімдеді.
«Біздің оқу ордамызда Инженерлік факультет бар. Бұл факультеттің Кентауда орналасуының арқасында шәкірттерге Кентау трансформатор зауытымен бірге дуальді білім берудеміз. Оған қоса, болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін HUAWEI компаниясымен лабораториялық зертханасын аштық. Ол жерде студенттердің электро-энергетика саласында білім деңгейін жоғарылату үшін үлкен мүмкіндіктер жасалған»- деді Жанар Амангелдіқызы
Сонымен қатар, ЖОО мұғалімдерінің жалақысы академиялық деңгейіне қарай өседі. Ал, студенттердің шәкіртақысы келесі оқу жылынан бастап 20 пайызға өседі. Қазіргі таңда Университет студенттері үшін жатақхана мәселесінің шешілу жолдары қарастырылуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі