ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында және Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі, Жонарық елді мекенінде спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлаған спорт алаңшасының ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев арнайы қатысты.
Бұл – мемлекетіміздің ел келешегін, ұрпақ болашағын қамдастырып отырған салиқалы саясатының жарқын көрінісі. Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған алаңша спортты сүйетін қалың жұртшылықтың, әсіресе, жастардың қымбатты ордасына айналсын, – деді ол.
Спорт алаңшасының салтанатты ашылуында аудандық мәслихаттың хатшысы Смайл Тасқұлов пен ауыл ақсақалы Асқар Дасақаев жиналған көпшілікті құттықтады.
Айта кетсек, Жонарық елді мекеніндегі спорт алаңы құрылысына жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер – «Сулеймен-2030» ЖШС құрылысты жүргізген. Алаңшада 40х20 метрге жасанды газон төселген. Түнгі уақытта да қызмет көрсету үшін жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі