НҰРТАСТА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

НҰРТАСТА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

Шымкент қаласы, Қаратау ауданының жаңақұрылыс аумағында орналасқан Нұртас шағынауданын инфрақұрылыммен қамту үшін биылғы жылы бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың өмір сүруіне қолайлы әрі ыңғайлы жағдай жасау тапсырмасы негізінде жүзеге асырылды.
Нәтижесінде Нұртас шағын аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылып отыр.
Бұл шағын ауданға жалпы ұзындығы 40,8 шақырымды құрайтын су құбыры орнатылып, абоненттеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.
Сондай-ақ, Нұртас ш/а сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары да осы жылдың қазан айында басталды. Бүгінге дейін 300-ге жуық электр бағаналары орнатылған. Нысан құрылысы 2022 жылға өтпелі. Нұртастықтар келесі жылы сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Ал аталған шағын ауданды табиғи газбен қамту үшін мердігер мекеме анықталды. Құбыр тарту жұмысы 2022 жылдың көктем айларында басталады.
Шағын аудандағы Гүлдала мен Ақбота көшелеріне көше жарықшамдары орнатылған. Жыл соңына дейін Зере көшесі де жарықтандырылатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *