Өнертапқыштар ауадан су алды

Өнертапқыштар ауадан су алды

Ауадан 20 литр су алуға болады. Бұл – түркістандық жас өрендердің ашқан жаңалығы.  Жалпы жерлестеріміздің  бұдан да басқа жобалары көп. Соның бірі – су тасқынының алдын алатын  арнайы құрылғы. Олардың бұл жұмысы Қытай, Жапония, Ақш елдерінің өнертапқыштарын басып озып, 190 елден қатысқан жарыста үшінші орынға ие болды.

Бүгінде су ресурсының сарқылуы әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Осы ретте біздің өнертапқыштар босниялықтармен бірлесіп ауадан су өндіретін генератор ойлап тапты. Айтуларынша, 1 генаратор 20 литрге дейін  су  өндіре алады.  Ал оны құрастыруға небары 1 ай уақыт қажет.
Бибінұр Арыстанбек, жас өнертапқыш:

«Суды көптеген тәсілдермен алуға болады. Біз ауадан суды алуға келісім жасадық. Ауа таза болу керек. Әрине, әзірге ауызсуға қолдануға жарамайды, есесіне шаруашылыққа таптырмайды»

Бұл олардың алғашқы жұмысы емес. Мұнан өзге су тасқыны болғанын хабарлайтын арнайы құрылғы жасап шығарған. Ол – әсіресе, өзен суы, таулы аймақтарға ауадай қажет дүние.
Абалис Аллаз, жас өнертапқыш:

«Бұл модельде бізде тазалық, жарық, желдің жылдамдығын өлшейтін 5 түрлі датчик қолданылады. 10 шақырым биіктікке ұшып, қай жақта қар жатыр, қай жақта су тасқыны болғанын болжайды. Сосын флэш картасына жазылған мәліметтерді бізге жібереді».

Әлемдік додаға қатысып, топ жарып жүрген өрендердің көбі осы Түркістан облысынан. Олар қолжетімді материалдардан түрлі қондырғылар мен робот құрастырады. Ақыл-ой иелерінің жасаған дүниелері әлемдік додада  бақ сынауда.
Елтай Қасым, Қазақстан құрамасының жетекшісі:

«Қазақстанда осы бағытта көптеген «СТЭМ-лабораториялар мен мектептер ашылса, цифрлық Қазақстанға қосқан зор үлес болар еді. Бұл – бізде жас ғалымның қоғамда болып жатқан құбылыстарға шұғыл жауап қатуы. Және оларға мұндай тапсырма топпен тілтабысуды үйренуі мақсатында беріледі»

Жас робототехниктер бүкіләлемдік сайыста ел намысын қорғап жүр. Олар робототехника бойынша CubeSat нано-спутнигін құрастырып, стратосфераға ұшырды.

MARIYAM ABSATTAR

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *