Шымкентте қоқыс контейнерінен нәресте өлі табылды: анасы ұсталды
Шымкентте қоқыс контейнерінен нәресте өлі табылды: анасы ұсталды
Полиция Шымкентте жаңа туған нәрестені қоқыс контейнеріне тастаған әйелді анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері 1996 жылы туылған күдікті азаматшаны анықтап, бөлімге әкелді.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Нәрестенің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Полиция Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында басқа ақпарат жария етілмейтінін айтты.