ДУЛАТ ӘБІШ — ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫНЫҢ «ҚҰРМЕТТІ ДЕПУТАТЫ»

ДУЛАТ ӘБІШ — ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫНЫҢ «ҚҰРМЕТТІ ДЕПУТАТЫ»

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, журналист 1996 жылы елімізде алғаш рет мемлекеттік тілдегі тәуелсіз «Айғақ» газетін, 2007 жылы республикада 100 пайыз мемлекеттік тілде хабар тарататын «Айғақ» телеарнасын ашқан Дулат Назарбекұлы Әбіш Қазақстан мәслихаттарының «Құрметті депутаты» атанды. Бұл мәртебелі марапатты Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстық мәслихаттың кезекті өткен IX сессиясында тапсырды, деп хабарлады aigak.kz

Мамандығы бойынша ұстаз, журналист әрі заңгер Дулат Назарбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы, Түркістан облыстық мәслихатының VII шақырылымындағы депутаты болып сайланған. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық Коғамдық кеңестің мүшесі, «Парасат», «Құрмет» Ордендерінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистика Академиясының академигі.

2010 жылы республика бойынша «Ең үздік редактор» атағын Олжас Сүлейменовтің қолынан алса, еселі еңбегімен көпке танылған ол 2011-2015 жылдары ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі болды.

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісінің шақыруымен Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалаларында,  ресми делегацияның құрамында Шымкент қаласымен бауырлас Ұлыбританияның Стивинейдж қаласына, Түркия  елінде, сол секілді тәжірибе алмасу мақсатында Польша, Үндістан, Иордания, Израиль, Ресей, Украина, Оңтүстік Африка, Қытай, Эстония, Латвия, Германия, Беларус және Шешенстан елдерінде іс-сапармен болған.

Ресей журналистерінің Сочи, Догомис қалаларында өткен ХІ фестиваліне қатысты, Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өткен ОБСЕ-нің Ортаазиялық аймақтық конференциясына, 2007 жылы Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында өткен Халықаралық Конгреске қатысты.  I-ХV Еуразиялық Медиа форумның  делегаты.

«Айғақ» телеарнасындағы арнайы жоба аясында Елбасы Н.Назарбаевтың бір топ курстастарын Украинаның Днепродзержинск қаласындағы училищесіне апарып, домна пешінен арнайы хабар жасады. РСФСР төрағасының бірінші орынбасары болған, Алаш қайраткері Т.Рысқұловтың ескерткіш тақтайшасының ашылу рәсіміне қатысты.Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде қайнаған майдан даласы атанған Сталинград, Курск, Ржев және Волоколамск шайқастары болған жерлерден деректі фильмдер түсірді. Қазақтың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің ізімен Үндістанның Кашмир штатында болып, Нью-Дели қаласындағы Абай Құнанбаев есімімен аталатын көшеден арнайы репортаж жасады.

Үнемі ізденіс үстінде жүретін Дулат  Әбіш «Нұр Отан» партиясының ХІІІ, XIV, ХV, ХVІ, ХVII съезінің делегаты.

Іскерлігі мен еңбексүйгіштігі нәтижесінде журналистік және депутаттық қызметтерді біліктілікпен үйлестіріп жүрген Дулатбек  Абіш Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына ерекше үлес қосып келеді.

Дулат Назарбекұлы Әбіш — Түркістан облысына ғана емес, Қазақстан Республикасы мен алыс-жақын шетелдерге танымал, Қазақстан Журналистер Академиясының «Алтын Жұлдыз» сыйлығы, Қазақстан Журналистер одағының Саттар Ерубаев атындағы сыйлығы, Қазақстан Журналистер одағының Тұрар Рысқұлов атындағы сыйлығы, республикалық «Алтын жүрек» сыйлығының иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының «Жыл адамы» номинациясы, Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық Кеңесінің «Қазақ журналистикасының қайраткері» атағының  иегері атанған қаламы қарымды журналист.

Азаматтық парызды өтеу- Дулат Әбіш үшін ең үлкен міндет. Ол Ұлы Отан соғысының отты  жылдары Отанын қорғау үшін  оққа ұшып, жат жерде қалған  жауынгер жерлестер үшін де азаматтық парызын өтеп келеді. Мәселен, 2016 жылы  Дулат Абіштің белсенді атсалысуымен Ұлы Отан соғысы кезінде Ресейдің Калуга облысында қайтыс болған  жерлесіміз Мақаш Тәжібаевтың сүйегі  туған жерге әкелініп,  Шымкенттегі «Даңқ» мемориалына жерленді.

2015 жылы Дулат Әбіш  Монғолияның Баян-Өлгей аймағын  топан су басқан кезде Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясының құрамында болып, қайырылымдылық көмек көрсетілуіне  ұйтқы болды.

2014 жылы Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытын және партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Айғақ» телеарнасы өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды кеңінен жариялап, көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Өкімімен Алғыс жарияланды.

tps://aigak.kz/2021/09/09/dulat-bsh-azastan-mslihattarn-rmett-deputat/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *