ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ҮКІМЕТТІҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ҮКІМЕТТІҢ ЖҰМЫС ТОБЫ КЕЛДІ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндіру және орындау бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Шымкент қаласына келді.

Жұмыс сапары барысында Ералы Тоғжанов Шымкент қаласында ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысын өткізіп, әлеуметтік нысандарды аралады.

Көшпелі отырыста Вице-Премьер республика бойынша вакцинациямен қамтудың жоғары қарқынының арқасында Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын атап өтті.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов әкімдіктің алдына мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасының барлық мақсатты индикаторларына қолжеткізу қажеттілігі туралы міндет қойды. Сондай-ақ, оқужылының дәстүрлі формата басталуына байланысты мектептерде санитариялық нормаларды сақтау жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Қаланың медициналық мекемелері ұжымдарымен кездесу барысында Е. Тоғжанов мемлекеттің қаржылық қолдауының арқасында медициналық мекемелер азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

«Низамхан» жеке мектебін аралау барысында Ералы Тоғжанов Шымкент қаласындағы жеке мектептер желісін дамыту бойынша жұмысқа оң баға беріп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Президент өз Жолдауында елдегі биологиялық қауіпсіздікті және нарықты отандық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді тапсырды. «Химфарм» АҚ, «KazMedPribor» ЖШС аралау барысында мемлекеттік органдарға отандық өндірушілерге қолдау көрсету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сапар соңында Вице-Премьер Е.Тоғжанов қала басшылығына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *