ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР?

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР?

Бүгін Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Өңірлерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің мәжілісі өтті. Жиында үш мәселе талқыланды. Атап айтсақ, Ауылды жаңғырту жоспары: Түркістан облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске асырылуы; Мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі тұрғын үй құрылысы мәселелері; Түркістан облысында шағын және моноқалаларды дамыту және абаттандыру мәселелері кеңінен талқыланады. Мәжілісті Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Өңірлерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Алмас Салимов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.


Бірінші мәселе бойынша Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Руслан Тұрғамбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша өңірде ауқымды жұмыс қолға алынған.
2021 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттің I – нақтылауында 24 жаңа нысанның құрылысына (газ — 10, электр — 14) ұлттық қордан 3,4 млрд.тг. бөлініп, бүгінгі таңға 220 000 мың теңгесі игерілген. Газбен, жылумен және сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Ал екінші мәселе бойынша Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысының орынбасары Тәжібай Егетаев осы саладағы жұмыстарды баяндады.


«Облыстық құрылыс басқармасы тарапынан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 13 жоба іске асырылу жоспарланған. 13 жобаны іске асыру үшін 2021 жылға 3,2 млрд. теңге қаралған. Оның ішінде 8 білім беру, 2 мәдениет, 2 спорт және 1 денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу жоспарланған. Биыл Түркістан облысы үшін қаржыландырудың барлық көздері арқылы 790,0 мың ш.м. тұрғын үйді пайдалануға тапсыру көзделген. 2021 жылдың 1-ші жартыжылыдығының қорытындысымен (қантар-маусым) 255,8 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді (1808 пәтер), бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 102,2 пайзыға ұлғайды», – деді басқарма басшысы.


Облыстың аудан, қалаларында биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 450 мың. ш.м. құрайтын 118 үйдің, яғни, 7074 пәтердің құрылысы жүріп жатыр. 2021 жыл қорытындысымен жалпы ауданы 328,3 мың. ш.м. құрайтын 85 үйдің (5229 пәтер) құрылысын аяқтау жоспарланса, қалған 33 үйдің құрылысы 2022 жылға өтпелі. Биыл тапсырылатын 5229 пәтердің 708 пәтері халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарындағы азаматтарға, 1103 пәтер аз қамтылған көп балалы отбасыларына және 3418 әлеуметтік кредиттік пәтерлер пайдалануға тапсырылады деген жоспар бар.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысының орынбасары Абай Шеңгелбаевтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, Түркістан облысының моноқалаларын дамыту мақсатында түрлі бағыттар бойынша қажетті іс-шаралар қолға алынған. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы шағын несие беру үшін 885 млн.теңге бөлініп, 81 микрокредит берілген.


Мәжілісте «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруда кездесетін кедергілер мен кемшіліктер де сөз болып, тиісті ұсыныстар хаттамаға енгізілді. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Полат Тұрсынбаев бұл бағыттағы жұмыстар партияның және қоғамның қатаң қадағалауында екенін айтып, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру керектігін айтты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *