Түрікменстан президенті дыбыстан асқан жылдам ұшақты сынап көрді

Түрікменстан президенті дыбыстан асқан жылдам ұшақты сынап көрді

Фото:turkmenistan.gov.tm
Фото:turkmenistan.gov.tm

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Балқан уәлаятына (облыс) сапары кезінде әскери ұшақты сынақтан өткізді, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі «Золотой век» газетіне сілтеме жасап.

Жаңа әскери ұшақтар тұрағына барар алдында Бердімұхамедов жаттығу жасап, велосипедпен серуендеген. Кейін президентке жаңа техниканың ерекшеліктері мен оның сипаттамалары баяндалыпты.

«Елдің Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы ұшқыштардың арнайы киімін киіп, жаңа әскери ұшақтың тізгініне отырды. Мемлекет басшысы ұшу алдындағы шараларын мұқият орындады.

Бірнеше минуттан кейін реактив қозғалтқышы бар жауынгерлік машина әуеге көтерілді. Бірнеше секунд ішінде Мемлекет басшысы басқарған ұшақ қажетті биіктікке көтеріліп, бірнеше бұрылыс жасады», — деп жазады басылым.

Газет мәліметінше, Гурбангулы Бердімұхамедов тізгіндеген ұшақ заманауи турбореактив қозғалтқыштармен жабдықталған. Оның ұшу қашықтығы — 2 мың шақырым, максималды биіктігі — 13 мың 700 метр.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *