ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАНДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАНДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ

Түркістан қаласы аумағындағы көгалдандыру жұмыстарына жаңа жүйе енгізілуде. Суару жолдары өзгертіледі. Жаңа жүйе егілген ағаштарды сақтап қалып, жаңа отырғызылатын жасыл желекті жайқалтуға сеп болмақ. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық мәжіліс отырысында мәлімдеді. Суару жүйесі жетілдірілуде. Осыған дейінгі қазылған ұңғымалар мен су жүйелері қосымша тәсіл ретінде қолданылатын болады.

«Көшеттерді құтқару үшін күш салуымыз керек. Егілген ағаштардың астында су жатпаса, ыстыққа шыдамайды. Екінші мәселе — желден қорғау үшін қоршау жасау керек. Түркістанды көгалдандыру, суару мәселесі бойынша жаңа жүйе енгізіліп жатыр. Қала аумағымен бірге барлық 32 сектор түшгел қамтылуы тиіс. Біз ағаштарды каналдың суымен суаруымыз қажет. Түркістанды жасыл желегі тербелген, бау-бақшасы жайқалған қалаға айналдыруымыз керек», — деді облыс әкімі.

«Арыс-Түркістан» каналы арқылы су жүйесі тартылып, әр көшеге қосымша қуатсыз су жеткізілетін жаңа әдістер енгізілуде. Тиімділі – су шығынын азайтып, суғару тәсілін жеңілдетеді. Түркістанды көркейту және абаттандыру мақсатында шаһар қосымша 32 секторға бөлінген. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басшылары тікелей жауапты. Көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен демалыс орындары орнатылған. Қаладағы «Жасыл белдеу» аумағы 2 есе ұлғайып, 13 500 гектарға жетті. Жыл соңына дейін оның көлемін 20 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *