ШЫМКЕНТТЕГІ 171-ШІ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕГІ 171-ШІ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханада 171-ші бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Отаны аурухананың бас дәрігері-трансплантолог Абылай Донбай жасады.

Досымовтар жанұясында 1992 жылғы інісі өзінің туған ағасына донор болған. Науқас бір жылдан бері гемадиализ алып келген, яғни жасанды аппаратпен жүрген.

3 сағатқа созылған ота сәтті аяқталып, бүгінде ағалы-інілі екеуінің де жағдайлары жақсы.

«Шымкент қаласында мыңға жуық науқас бүйрек жетіспеушілігімен ауырады. Олардың барлығы жасанды бүйрек аппаратына тәуелді. Біздің мақсатымыз осы науқастардың санын азайтып, толыққанды өмір сүруіне ықпал жасау» — дейді Бас дәрігер. Пандемия кезінде де жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *