ҚР Президенті бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен:
- Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды;
- Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, ол ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды;
- Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол ҚР Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ҚР Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
- Әсет Өрентайұлы Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды.