Коронавирусты жасаған біз емес — Ухан вирусология институты
Коронавирусты жасаған біз емес — Ухан вирусология институты
«2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ухан вирусология институты COVID-19-ды зерттемеген. Ухан вирусология институты ешқашан коронавирусты синтездемеген, оны жасанды жолмен шығарып, таратпаған. Үшіншіден, институттың бірде-бір қызметкері мен студенті осы күнге дейін COVID-19 жұқтырмады», — деді Юань Чжимин брифингте.
Ол бүгінде вирустың қолдан жасалып не зертханадан тарағанына қатысты бірде-бір дәлел жоғын атап өтті.
«Ғалымдар арасында COVID-19 жасанды жолмен жасалған деген консенсус бар. Сарапшылар бүгінде вирустың жасанды жолмен өндіріліп не зертханадан тарағанына қатысты дәлел жоқ екені туралы мәлімдемелер жасады», — дейді Юань Чжимин.