РЕСПУБЛИКАДА ӨНДІРІЛЕТІН ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ КӨЛЕМІНІҢ 70 % ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЛЕСІНДЕ
РЕСПУБЛИКАДА ӨНДІРІЛЕТІН ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ КӨЛЕМІНІҢ 70 % ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЛЕСІНДЕ
Үш жылда егіс көлемі 50 мыңға жуық гектарға ұлғайтылып, 850 мыңдай га орналастырылды. 446 га қосымша жылыжайлар салынып, Республикадағы үлесі 71%-ды құрап 1 246 га-ға жетті. Қарқынды бау шаруашылығы 1,6 мың га артып, 3,1 мың га орналастырылды. Орташа мал мен құс басы 20%-ға, мал шаруашылығынан алынған өнім 15%-ға ұлғайды. 5,4 мың тонна ІҚМ еті экспорталып, Республикада 1 орын немесе үлесі 74%, қой еті 38% (491,1 тн.), құс еті 25% (2 734,3 тн.) құрады.
Республикада өсірілетін тауарлы балық көлемінің 70% облыс үлесінде. Соңғы 3 жылда инвестиция көлемі 2,4 есеге ұлғайып, өткен жылы 703,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде Түркістанға 367,6 млрд. теңге инвестицияланды. 740 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді. ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесі 21%-ға дейін жеткізілді. Облыс бюджетінің көлемі 1,6 есеге артып, 893 млрд. теңгені құрады.
«Өңір халқын ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі үш жылда 88,5%-дан 92,1%-ға жетті. 423 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіліп, қамтылу көрсеткіші 50,2 %-ға жетті. Бұл жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Қанағатты жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 71,2%-дан 79%-ға артты»,-деді брифинг барысында Өмірзақ Естайұы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі