ОТЫРАР АУДАНЫНДА АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Отырар ауданында аудан әкімінің орынбасары Р.Әліш және де ауыл шаруаларының қатысуымен Қоғам, Қарғалы ауылдық округтерінде Сырдария өзенінің кері тепкісінен «Д.Алтынбеков» каналына қосымша су беретін «Қызыл – Ту» насос станциясына 4–дана СНП – 500 электрлі насостары орналастырылып, іске қосылды. Осылайша, соңғы кездері орын алған ағын су тапшылығы шешілді.

Аталмыш су жүйесінің бойында орналасқан бірнеше шаруа қожалық ағын сумен қамтылып, егіс көлемі де еселеп артқалы тұр. Бұл елді мекендерде ағын су мәселесі көтеріліп, диқаншылық және мал асыраумен айналысып отырған тұрғындарға қиыншылық тудырып келген еді.

«Қазсушар» РМК Отырар ауданы бойынша өндірістік бөлімшесі арқылы арнайы техника жеткізіліn, каналдардың ұйық — шөгінді басқан бөліктері механикалық тазалаудан өткізілді. Аталған жұмыстар ауданның өзге елді мекендерінде жалғасын табады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *