«А-2» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«А-2» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Қазіргі кезде қалада «А-2» автомобиль жолын қайта құру жұмыстарының ІІ кезеңінің құрылысы жүргізілуде.
Нысанның жалпы ұзындығы — 2,45 шақырым. Қазіргі уақытта жолдың 900 метрден астам бөлігінің асфальт төсемі төселген және аяқжол орнату жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысқа қатысты жұмыстардың 30 %-ы аяқталған. Құрылысқа жауапты бас мердігер – «Отау-Строй» ЖШС-і.
Бүгінде құрылыс жұмыстарына 28 жер телімін қайтаруға қажеттілік туындауда. Жер телімдерін қайтару мәселесі оңтайлы шешілген жағдайда нысанды биыл аяқтау жоспарда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі