ШЫМКЕНТТІҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
БАС ПОЛИЦЕЙ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласының бас полицейі Ералы Жумаханбетов Қапал батыр көшесінің тұрғындарымен кездесті. Санитарлық нормалар толықтай сақтай отырып өткізілген жүздесуде жұрт көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап тұшымды жауап алды. Жалпы бұл әкімшілік аумақ Еңбеші аудандық полициця басқармасының №40 учаскелік полиция пункітіне қарасты. Жүздесудің мақсаты учаскелік полиция инспекторларының жұмысын саралау және халықпен кері байланысты нығайту болып табылады.
Ашық форматта өткен жүздесуде қала тұрғындары Полиция департаментінің басшысы Ералы Мұсаәліұлына көкейлерінде толғандырып жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс тілектерін айтты. Департамент бастығы қоғамдық тәртіпті күзетуге тұрғындардың немқұрайлық танытпауы — құқықбұзушылықтың алдын алуға көмегін тигізетінін атап өтті.Сондай-ақ, жиынға қатысушылар учаскелік полиция инспекторларының жұмысына байланысты жақсы пікірлерімен бөлісіп, оң бағаларын берді. Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов учаскелік полиция инспекторларының әкімшілік аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша атқарып жатқан ауқымды жұмыстарымен де танысып, қосымша тапсырмалар берді. Кездесу барысында әдеттегідей, тұрғындарға Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының нұсқауымен «WhatsApp» желісінде құрылған «Жедел әрекет ету тобына» қосылып, жұмыла жұмыс жасау мақсатында байланыс нөмірлер жазылған ақпараттық парақшалар таратылды.