Түркістан облысында газ құбыры тартылған ауыл қыста көмірмен жылынады

Түркістан облысында газ құбыры тартылған ауыл қыста көмірмен жылынады

Түркістан облысындағы Біртілек ауылына 5 жыл бұрын газ құбыры тартылып, құрылыс жұмыстары аяқталған.

Бірақ тұрғындар әлі күнге дейін қыста пеш жағып, тамақты қазан-ошаққа дайындап жүр. Себебі газ тарату станциясы салғырттыққа жол берген. Қарапайым халық автоматтандырылған жүйенің дұрыс жүргізілмегенін айтады,деп хабарлады 24 КЗ

Ауылға аяқ басқаннан көгілдір отынның үйді-үйге тартылғанын көз көріп, бар мәселе артты қалыпты ғой дерсіз. Бірақ баянсыз болған бастаманың ескерткіші сыңайлы қаз-қатар тізілген есептегіш жәшігі бос тұр. «Қазір 21 ғасыр, бірақ сонда да ауылымызда газ жоқ. Көріп отырсыздар, ошаққа отынды салып, тамақты осыған жасаймыз. Бұрынғы заманның адамдарындай»-дейді . Біртілек ауылының тұрғыны   Жанат Айтқожаева,

Осыдан 5 жыл бұрын ауылға көгілдір отын келді дегенді естіген жұрт әр үйден 90 мың теңгені жинап беріпті. Жайбарақат халықтың замана көшіне ілесеміз деген белсенді бірлігі жауаптылардың жауапсыз тірлігімен аяқталды. Себебі күнде еститін құрғақ уәде олардың үміт отын өшірді.

— Қойды, бірақ 1 айға жеткізбей ұрлап кетті бәрін. Тұрысы осы енді.

«- Енді газ баллонмен отырмыз. Газ келеді, келеді деп. Халықтың бәрі шулап жатыр. Енді білмедім, енді халық бұдан артыққа шыдай алмайды ау. Газ баллонның бағасы 1500 теңге. Оны ары барса 20 күн жағамыз. Бір айда екі газ баллон жағамыз. Ойлай беріңіздер, енді қанша шығынға батып жатырмыз» дейді Біртілек ауылының тұрғыны Асылбай Байболатов,

Мәселенің бар мәні Сарыағаш және Келес аудандарының 20 ауылын газбен қамтамасыз етуі тиіс автоматтандырылған газ тарату станциясында. Себебі 2013 жылы 290 миллион теңгеге құрылысы жүргізілген нысанның газ қабылдауға қауқары болмай шықты.

«- Осы жылға дейін жылда іс шара болады. Кемшіліктерді орындауға. Онда комиссия құрылады. Барлығы болады. Сол комиссиямен аудан әкімдіктері, мердігер мекемелер барлығы жұмылдырылады кемшіліктерді орындауға. Қазіргі таңда кемшіліктер орындалған. Тек құжаттамалары дайындалуда. Біздің жоспарымыз бойынша шілде-тамыз айларында қосу жоспарда бар» дейді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы Асқар Тұрғанбаев,

Естеріңізге салып өтейін, Түркістан облысындағы 843 елді мекеннің тек жартысы ғана газбен қамтамасыз етілген. Мамандардың айтуынша, биыл бюджеттен 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, 20 ауылға көгілдір отын жеткізу жоспарланған. Ал өңірлерді 100 пайыз газбен қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін кешенді жоспары бекітілді.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Рауль Ғабитов, Ерболат Әбіш

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/478773-t-rkistan-oblysynda-gaz-byry-tartyl-an-auyl-ysta-jdi-k-mirmen-zhylytady

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *