135 МЫҢНАН АСА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ
135 МЫҢНАН АСА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Орталық басшысы А.Әміртаевтың айтуынша, тұрғындар тарапынан қойылатын сұрақтардың басым бөлігі қоғамдық көлік, жол инфрақұрылымы, қатты тұрмыстық қалдықтар, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй және құрылыс салалары бағытында.
Шағымданушылардан өзге, кеңес алу үшін хабарласатындар да бар. Олардың бірі қоғамдық көліктердің бағыттарын сұраса, кейбірі анықтамалық ретінде нөмірлер сұрап жатады. iKomek 109 орталығының жүйелі жұмысының нәтижесінде 408 кәріз жүйесі, 51 шатыр, 77 лифт жөнделген. Сонымен бірге, 82 экологиялық мәселе шешімін тапқан.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі