Депутат Шарындағы трагедия туралы: цифрландыру бар, ұялы байланыс жоқ
Депутат Шарындағы трагедия туралы: цифрландыру бар, ұялы байланыс жоқ
Платоновтың пікірінше, демалыс орындарында, туристік маршруттарда балалар мен ересектердің өліміне жол бермес үшін шұғыл жүйелі шаралары қабылдау керек
Мәжіліс депутаты Артур Платонов үкіметтен жазғы демалыс орындарында балалардың өліміне жол бермеу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, туристік маусым ашылмай жатып Қазақстанда мамыр айында 22 бала көз жұмған.
Бұл ретте ол өткен аптада Шарын шатқалында болған қайғылы оқиға туралы айтты.
«Трагедия жіті тергеуді талап етеді. Қазір біз мемлекеттік органдар арасында үйлесімділік жоқ екенін байқап отырмыз, жауапкершілікті бір-біріне, мектепке, ата-аналарға, туристік фирмаға артады. Ал балалар қорғансыз, апат туралы тез арада хабарлауға да шамасы келмейді. Цифрландыру бар, байланыс жоқ. Табиғаты сұлу жерлердің бірінде төтенше жағдай туралы шұғыл хабар беру мүмкін емес. Бұл барып тұрған жауапсыздық және оған жол беруге болмайды», — деді Платонов вице-премьер Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.
Депутат Түркістан облысының тауларында жоғалған екі студенттің өлімін де тілге тиек етті. «Тағы екі жігітті іздестіріп жатыр, мұнда да ұялы байланыспен проблемалар бар», — деді ол.
Бұған қоса, Батыс Қазақстанда жазда атасына қонаққа келген мектеп түлегі суға кетті. Ақмола облысында бірінші сыныптың екі оқушысы, Солтүстік Қазақстанда колледж студенті мен куратор, Қызыллорда облысында он бір адам, олардың алтауы бала, шығыста екі бүлдіршін суға кетті. Атырау облысында 13 жасар ұл, Жамбыл облысында алтыншы сынып оқушысы, Қостанайда тоғызыншы сынып оқушысы ажал құшты, деді мәжілісмен.
«Бүкіл жағдайда да шомылуға арналған арнайы зоналар болмаған, жағалау зерделенбеген, ескерту белгілері жоқ. Заңбұзушылықтарды санамалауға уақыт жетпейді», — деп ашуланды Платонов.
Осыған байланысты депутат үкіметтен демалыс орындарында, туристік маршруттарда балалар мен ересектердің өліміне жол бермес үшін шұғыл жүйелі шаралары қабылдауды сұрады.
Шарындағы қайғылы оқиға
29 мамыр күні Алматы облысында Шарын шатқалының төменгі бөлігінде сел жүрді. Сол күні Алматыдағы №199 гимназияның 8 оқушысы шатқалға экскурсияға шыққан. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген.
Қайғылы оқиға салдарынан оқушы мен мұғалім көз жұмды, тағы бір оқушы жоғалып кетті. 30 мамырда сел ағызып әкеткен қыз аман-есен табылды.
https://sputnik.kz/society/20210602/17226411/Deputat-Sharyn-tragediya.html