Сот «қос азаматтығы бар» шымкенттік экс-шенеуніктің мәлімдемесіне жауап берді
Сот «қос азаматтығы бар» шымкенттік экс-шенеуніктің мәлімдемесіне жауап берді
Сот Олег Почиваловтың 22 ақпанда Полиция департаментіне жазған өтінішін қарастырды. Сот мәліметінше, ол өтініште Шымкенттің Полиция департаментінің әрекетін жарамсыз деп танып, оның азаматтығынан айырылғаны туралы қорытындының және осы айырылудың тіркелгені туралы хабарламаның күшін жоюды сұраған.
«Бұл шешімнің негізі Почиваловта Ресей Федерациясының азаматтығы болуы, Ресейдің Ішкі істер министрлігінің Көші-қон бөлімі 2020 жылдың наурызында берген төлқұжаты бар екені туралы ақпарат болды», — деді сот.
Сот іс бойынша Ресей Федерациясының уәкілетті органының мәліметтерін сенімді дәлелдемелер деп таныды, себебі олар заңда белгіленген тәртіппен алынған.
«Почивалов пен оның өкілі сотқа бұл деректі жоққа шығару үшін дәлелдемелер ұсынған жоқ. Осыған байланысты сот Почиваловтың өтінішін қанағаттандырусыз қалдырды. Шымкент соты 2021 жылғы 8 сәуірде істі қарап, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды«, — деді сотта.
Еск салайық, кеше, 27 мамырда дене шынықтыру және спорт басқармасының экс-басшысы Олег Почивалов өмір бойында Шымкентте тұрып келгенін және ешқашан қос азаматтығы болмағанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, әлдекімдер «жайлы орнынан айырылып қалғаны үшін» қасақана оның жолын бөгеген. Экс-шенеунік бұл лауазымда белсенді жұмыс істегендіктен оның орнына әлдекімдерді әдейі қойғанына сенімді.