ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ТҮЛЕКТЕР ЖАЗҒЫ СПОРТ АЛАҢШАСЫН САЛЫП БЕРДІ

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ТҮЛЕКТЕР ЖАЗҒЫ СПОРТ АЛАҢШАСЫН САЛЫП БЕРДІ

slider
Білім ұясынан осыдан 20 жыл бұрын түлеп ұшқан Қаныш Сәтбаев мектебінің шәкірттері ыстық ұясына оралып, Елбасының «Туған жер» бағдарламасын іске асыруда. Өздері білім алған мектепке заманауи, құны 4 млн. теңгелік жазғы спорт алаңшасын салып берді.

Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің түлектері өздерінің бүгінгі жеткен жетістіктері мектептен алған білімі мен тәрбиенің арқасы, деп біледі. Сол себепті, өздері оқыған мектептің оқушылары спортпен айналысуына үлкен серпін болып тұр. Қазығұрт ауданында мектептен түлеп ұшқан азаматтар жылдар жылжыса да, өнегелі іс жасап, өзгелерге үлгі көрсетіп келеді. Айта кету керек, «Туған жерге туын тігіп», азаматтық іс жасаған түлектердің, балалары да осы мектепте білім алады. Келешекте олар да ата-аналары салған сара жолмен жүріп, тәрбиелі тұлға болып қалыптасады деген сенімдеміз. Қаныш Сәтбаев мектебіне барған аудан әкімі Арман Абдуллаев ізгі іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *