Әкімдер сайлауы қашан өтеді? Қарин жауап берді
Әкімдер сайлауы қашан өтеді? Қарин жауап берді
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
«Қазіргі уақытта президенттің саяси реформалары аясында 10 заң қабылданды. Бүгін қол қойылған заңдар Мәжіліске саяси партияларды өту үшін шекті деңгейді 7-ден 5 пайызға дейін төмендету, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдерінде «барлығына қарсы» бағанын енгізу және биыл белгіленген ауыл әкімдері сайлауын өткізу бойынша нормаларды бекітті«, — деді Қарин Telegram-да.