Жамбыл облысында казармада әскери қызметші өз-өзіне қол салды

Министрлік дерегінше, марқұм әскери қызметке 2021 жылдың сәуірінде шақырылып, 15 мамырда ант қабылдаған

 Жамбыл облысында 82796 әскери бөлімінде қайғылы оқиға болды. Мерзімді қызметтегі әскери қызметші суицид жасады, деп хабарлады Sputnik.кз  қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство ақпаратынша, 82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі казарманың 4-қабатындағы терезеден секіріп кеткен.

«Аман алып қалу шаралары жүргізілгенімен, сарбаз есін жимастан көз жұмды», – делінген хабарламада.

Қазір құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесі мен туыстарының қалауы бойынша жария етілмейді.

Қорғаныс министрлігі мерт болған сарбаздың отбасына қайғырып көңіл айтады.

Марқұм әскери қызметке 2021 жылдың сәуірінде шақырылған, 15 мамырда ант қабылдады.

Айта кетейік, 82796 әскери бөлімі Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейский кентінде орналасқан.

https://sputnik.kz/society/20210521/17116318/Zhambyl-oblysy-askeri-qyzmetshi.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *