СОЗАҚТЫҚ СТУДЕНТТЕР ХІ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
СОЗАҚТЫҚ СТУДЕНТТЕР ХІ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Түркістан — түркі әлемінің рухани астанасы» атануы және ХҚТУ-ің 30 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының ХІ жазғы Универсиада ойындары басталды. Оның ашылуы Түркістан қаласында өтті.
Жарыстар Нұр-сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай, Өскемен қаласында өтті. 30 спорт түрінен 25 университеттің студенттері өзара сайысқа түсті. 12-15 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында гір көтеру спортынан Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің студенттері, жерлестеріміз Ахмет Ерболат 95 келіде 1-орын алды, 63 келі салмақта Рысбек Ердос 1-орын, 73 келі салмақта Тұрғанбай Бақытжан 1-орын, 85 келіде Шекербек Нұрлыбек 2-орын иеленді.
Жалпы командалық есепте Түркістан облысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 1-орын иеленді. Университеттің атын абыроймен қорғаған созақтық гір тасын көтеру шеберлері екенін мақтанышпен айтамыз. Спортшыларды жарысқа баптаған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұратбек Серікбаев.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__