ХАЛЫҚТЫҢ ӨТІНІШІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА БІРТҰТАС ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ ТҮСІП, САҚТАЛАДЫ
ХАЛЫҚТЫҢ ӨТІНІШІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРҒА БІРТҰТАС ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ ТҮСІП, САҚТАЛАДЫ
Түркістан облысына қарасты ауылдық округ әкімдері, ардагерлер, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, жастар, Халыққа қызмет көрсету орталығында қызметкерлермен кездесіп, мемлекеттік органдар жұмысының жаңа жағдайдағы жұмыс ерекшеліктері және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктері мен жолдарын көрсетті. Жұмыс тобының құрамында жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың — Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, Юстиция министрліктерінің, Бас прокуратураның және басқа да мекемелердің өкілдері болды.
Мемлекеттік органдар өтініштерді бұдан бұрын қабылданған шешімдер мен жауаптарды ескере отырып, әкімшілік іс қалыптастырады. Жөнелту болмайды. Базада басшылардың өзінен төменгі құрылымдарға арналған, көтерілген мәселелерді шешу туралы тапсырмалар не ұсыныстар жазылған қарарлар болады. шағымдану кезінде шешімдердің немесе жауаптардың негізділігін мемлекеттік орган дәлелдейді.
Жыл басынан бері облыс бойынша азаматтардан 17 000-нан астам өтініш келіп түскен. Хаттар үш түрге бөлінеді: стратегиялық, типтік және шағымдар. 1 шілдеден бастап бірыңғай ақпараттық жүйесіне кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылатын болады және азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініштері бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы түсетін болады. Осы жүйенің көмегімен өтініш беруші өтінішті қарау барысын бақылай алады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі