ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ АУРУХАНАЛАРДЫҢ БІРІ САЛЫНУДА

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ АУРУХАНАЛАРДЫҢ БІРІ САЛЫНУДА

Жалпы аумағы 16 гектар жерді алатын 8 қабатты көпсалалы медициналық орталық Түркістан қаласында салынуда. 570 төсек-орынға шақталған заманауи емдеу кешені Қазақстан Республикасында жоспарланған ірі жиырма аурухананың алғашқысы. Инвестициялық жобаны Денсаулық сақтау министрлігі арқылы мемлекеттік — жекеменшік әріптестік аясында YDA Group түрік инвесторы жүзеге асыруда.

Нысанның құны 188 млрд.теңгеден асады. 2019 жылы басталған құрылысты 2022 жылға қарай аяқтау жоспарлануда. Өңірдегі ғана емес, республикадағы ең ірі медициналық мекемелердің бірі болатын аурухананың жалпы ауданы 80 мың шаршы метрден асады. Әлемдік стандарттарға сай салынып жатқан аурухана толық пайдалануға берілгеннен кейін 2000-нан астам медицина қызметкері тұрақты жұмыспен қамтылады.


Жобаға сәйкес, мұнда 13 бейінді бөлімше, сондай-ақ жүрек-қантамыр және коронарлық реанимация, гематология, оның ішінде күйікпен емдеудің 2 қарқынды терапиясы (ICU) төсегі жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, көпсалалы аурухана қабырғаларында 16 операциялық бөлме, оның ішінде 13 жоспарлы және 3 шұғыл көмек жұмыс істейтін болады. Кешенде барлығы 11 блок бар, олардың 9-ында монолитті жұмыстар жүргізілуде.


Құрылысқа 100-ден астам құрылысшы тартылған, 4 мұнара краны, 12 техника жұмыс істейді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *