Түркістан облыс орталығы болғалы бері 257 нысан салынды

Түркістан облыс орталығы болғалы бері 257 нысан салынды

Түркістан  облыс орталығы болғалы бері 257 нысан салынды

Түркістан облыс орталығы болғанына да үш жылға жуықтады. Бүгінде өңір қарқынды дамудың жолына түсіп, көне шаһар жаңа кейіпке еніп келеді,деп жазды ҚазАқпарат .

Түркістан облысын дамытудың 2024 жылға дейінгі экономикалық-әлеуметтік бас жоспарына сәйкес бір жарым триллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Инвестиция тартылып, өңірдің дамуы аймаққа оң әсер етіп жатыр. Соңғы үш жылда инвестиция көлемі екі жарым есеге ұлғайып, жалпы ішкі өнім 41%-ға артқан. Осылайша Түркістан түркі әлемінің нағыз орталығына айналып келеді. Мәдени-рухани жауһары іспетті шаһар кемел шешіммен және келісті үлгімен, көркем өнегемен өркендеу үстінде.

 

Ал, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен жанындағы тарихи орындарды көруге келіп жатқан туристер саны күннен күнге артып отыр. Өйткені бүгінгі қаланың тарихи, рухани болмысы бөлек. Көне шаһар үнемі Елбасының ерекше назарында екені белгілі. Өйткені оны түлету жолында талай тер төгіліп, түрлі нысандар мен саябақтар салынды.

Күні кеше ғана еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келіп, түркі әлемінің рухани астанасын аралап көрді. Бірқатар жаңа нысандарды ашып, ел игілігіне тапсырды. Елбасы ең алдымен Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысып, «Ұлы дала бірлігі» атты капсуланы салды. Оның ішінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі қасиетті жерлердің топырағы жиналған. Кешенде иілген 21 қанатты көруге болады.

 

Бұл Түркістанда жерленген 21 ханды білдіреді. Есім ханнан Әликен ханға дейінгі бабаларымыздың есімдері мен басқарған жылдары да жазылған. Сондай-ақ, Елбасы «Ұлы дала бірлігі» атты капсуланы салды.

 

Оның ішінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі қасиетті жерлердің топырағы жиналған. Жаңа нысанның баральефінде қазақ билерінің, қазақ даналарының көркемсөздері қашалған. Шеңбер тәріздес салынған пилондардағы граниттік тақтайшаларға қазақ даласын басқарған 21 ханның есімдерімен қатар олардың билік жүргізген жылдары да жазылған.

Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаев жаңа қаланың салынуына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен әкімдік қызметкерлерінің атқарған жұмыстары ауқымды екенін атап өтті. Осы бағытта жоспарланған жобаларды жүзеге асыруға атсалысқан азаматтар мен жауапты маман қызметкерлерінің еңбегін ерекше айтып өтті.

 

«Шындығында, мұндай қаражат, мұндай көңіл жүздеген жылдық тарихы бар Түркістанға ешқашан бөлінген емес. Бұған дейін Түркістанның 1500 жылдығын атап өткенде «осы Түркістанды бір көтерсек» деп армандап едім. Алайда ол кезде елдің бұған жағдайы бола бермеді. Сол аралықта мемлекет құрылды. Қазақстанды нығайту мен елімізді дүниежүзіне таныту керек деп шапқылап жүрдік. Енді уақыт келді, 2018 жылдың маусым айында Шымкент қаласын миллион тұрғыны бар деп бөліп, мен Жарлықққа қол қойдым. 2018 жылдың аяғына дейін ұйымдастырумен, дайындықпен жүрдік. Бүкіл Қазақстандағы ауқатты жігіттерді жинадым, мемлекетке, әкімдікке тапсырма бердім. Бірінші бағдарлама жасадық. Осылайша Түркістан облысының бөлінгеніне үш жылға да жеткен жоқ, 2019-20 жылдардың ішінде 257 ғимарат салынды. Көріп отырсыздар. Сол кезбен қазіргі кезді салыстыруға бола ма? Жер мен көктей. Қазақстанның 30 жылдағы жеткен жетістігі, еңбегі жер мен көктей», — деді Н.Назарбаев 11 мамырда Түркістанға келген сапары барысында.

Бүгінде Түркістанның тарихи-мәдени орталығы шығыстық стильде көркейіп келеді. Мұндағы нысандардың биіктігі кесенеден төмен салынған. Ал, әкімшілік іскерлік орталығында 7 және 9, 12 қабатты 89 тұрғын үй бой көтеруде. Құрылыс жұмыстары 2050 жылға дейін жоспарланған. Қаланың іші де жасыл желекке оранған.Тұңғыш Президент атындағы және Яссы саябақтары жайқалып келеді.Кесене жанында қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетінен сыр шертетін этно ауыл да бой көтерген. Елбасы оларды да аралап көрді. Жаңа нысан 18 ғасырдан көрініс беретін кешен Ахмет Ясауи кесенесінің жанында орналасқан. Этноауыл қазақ даласының XVIII-XIX ғасырдағы өмірін бейнелейтін жоба саналады. «Әзірет Сұлтан» мәдени қорығының буферлік аймағы мен Ахмет Ясауи кесенесінің бекініс қабырғасы, этнографиялық мұражайдың ортасында орын тепкен. Интерактивті этно-ауылдың ауданы 16 мың шаршы метрді құрайды. Кесенеге келушілер қазақ халқының бай мәдениетімен танысып, тіпті көне заттарды қолдарымен ұстай алады. Көшпеділер өркениетінен көрініс беретін этноауылдың аймағында қазақ даласындағы тұтас бір дәуір бейнеленген.

 

Этноауыл арқылы XVIII-XIX ғасырдың атомосферасын көрсеттік. Гастрономиялық аймақта Орта Азия елдеріне тиесілі аспаздық өнерді көруге болады. 7,8, 12 қанатты сынды барлығы 9 түрлі өлшемдегі киіз үйлер мен «хан сарайы» тігілген. Ауыл маңында жылқылардың «Табын» мүсіндік композициясы бейнеленген. Ежелгі құдық, садақшыларға арналған атыс тирі де қойылған. Бірнеше аймаққа бөлінген ауылдың жалпы көлемі 3 гектар .

Жоба этнографтардың, тарихшылардың ақыл, кеңесі бойынша жасалған. Бұл жерде бабалардың заманын тек көріп қана қоймай, тамақты аспаздармен бірге пісіріп, шеберлермен бірге түйін түюге мүмкіндік бар. Түрлі көріністер түсіруге болады. Елбасы бұл ретте Түркістанды көркейту елдің астанасын салумен бірдей керемет дүние болғанын атап өтті.

«Халқымыз өте тығыз қоныстанған, қаймағы бұзылмаған, дәстүріміз бен мәдениетіміз сақталған елде қаланы орнату біріншіден, ел үшін, екіншіден осы халыққа жұмыс беру үшін, мәдениетін көтеру үшін, дүниежүзіне Қазақстанды паш ететін мәселе болды. Оған қарамай Түркістан облыс орталығы болғаннан кейін Шымкенттің өзі өркендеп сала берді. Шымкенттің бюджеті үш жылдың ішінде үш есеге артты. Тұрғын үйлердің құрылысы екі есеге көтерілді.

Орта және шағын кәсіпкерлік көтерілді. Шымкент қаласының өзі өсіп, керемет болып бара жатыр. Ал, енді Түркістанға келетін болса, алда әлі көп жұмыс атқарылуы керек. Әрине, бұл оңтүстікте тұратын ағайындар үшін ұмытылмайтын жағдай. Тәуелсіздікті бастаған кезде жанымда жүрген азаматтар оны ешқашан ұмытпайды. Астананы салғандағы істеген ісімізді ешкім ұмытпайды. Түркістанның құрылысы да ұмытылмай, есте қалатын жағдай», — деді Тұңғыш Президент. «Қазірдің өзінде дүниежүзілік деңгейдегі әуежайды Қазақстанда бірінші рет Түркістанда салдық. Қазір Ыстанбұлдан екі рейс келеді, жақында Ташкент, Ашхабад, Бішкектен келетін болады. Рейстер көбейіп, халықаралық пойыздар қосылады. Сонда келетін туристер саны да көбейеді.

Жұмыс қызады, жастарға жұмыс орындары ашылады. Мүмкіндіктер көбейеді. Мұнда тағы туристерге қызмет ететін университет салынды. Түркістанда халықаралық деңгейдегі театр салынды. Міне, осындай ойласақ ойға келмейтін істер болып жатыр. Бұған қуанайық. Осының бәрі Қазақстанның 30 жылдығына жасап жатқан тартуы. Ата-бабаның арманын орындап, тәуелсіз Қазақстанды осылайша көркейтіп жатырмыз. Алла бізді бірліктен айырмасын. Елдің ішінде ауызбіршілік мықты болсын. Қазақ біріккенде — барлығын жеңеді. Былтыр келген адам Түркістанды қазір танымайды. Ай сайын, жыл сайын өзгеріп тұрады. Қала Астанадан да тез дамып, салынып жатыр. Ендігі, 2025 жылға дейін бұдан да үлкен, керемет болады. Қазір халқының саны 200 мың болса, 2025 жылы 300 мыңнан асып кетеді деген жоспар бар. Біз елорданы салған кезде 2030 жылы халқының саны бір миллион болады дегенбіз. Қазір 1 млн 200 мың, үш миллион болайын деп тұр. Сондықтан мынадай қарқын болса — жетеді. Халықтың сұранысы қандай, тіпті іргетасы қаланып жатқан тұрғын үйлерді сатып алғысы келеді. Алдағы төрт жылдың ішінде Түркістанда 26 мың пәтер салынады деп жоспарланып отыр»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы кезекті сапарында сондай-ақ, «Яссы» және Тұңғыш президент саябақтарының даму жоспарымен танысты.

Сонымен қатар, Тұңғыш Президент жаңадан салынған музыкалық драма театрдың ашылу салтанатына қатысып, ұжыммен кездесті. Композициялық көрінісі мен сәулеттік келбеті өзгеше театрда тек қазақ актерлері ғана емес, шетелдік танымал өнер қайраткерлері де өнер көрсетеді. Төрт қабатты мәдениет ордасының көрермендер залы 510 адамға арналған.

Мұнда вестибюльдің, кулуарлардың, фойенің, жинақтау холдары мен VIP залдар ұлттық нақышпен безендірілген. Театрда көрерменге және қызметтік персоналға шұғыл медициналық көмек көрсететін дәрігер де қарастырылған.

«Farab» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына барып, ондағы қызметкерлерімен кездесті. Аталған ғылыми кітапханасында 480 мыңнан астам кітап қоры бар.

Сирек кездесетін оқулықтар аз емес. Мәселен кесенеге жүргізілген ең алғашқы зерттеу жұмыстары жайлы жазбалар да осында сақтаулы.

Соңғы кезде қала қонақтарын ерекше қызықтырған, орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен «Керуен-сарай» кешенінің жұмысымен де танысты. Бір шақырымға созылған кешенде бүгінде төрт мыңдай адам жұмыс істейді. Жобаға салынған инвестиция көлемі 87 млрд теңге. Ерекше стильде салынған нысан Ұлы жібек жолындағы сауданы елестеді. Мұнда қонақ үйлер, мейрамханалар, фуд-кордтар, шығыс базары, қолөнершілер көшесі секілді сауда және ойын сауық орталықтары бар.

Бір ерекшелігі, кешен ішіндегі нысандардың барлығын су арнасы біріктіреді. Қайыққа отырып кез-келгеніне жүзіп баруға болады. Сондықтан мұнда келушілер Керуен-Сарайды «Қазақстандағы-Венеция» деп атап кеткен. Оның бәрін көрсем, тарихымен таныссам деп көрші мемлекеттерден, ел ішінен келген туристер көп. Түркістан осылайша барлығын таңқалдырып жатыр.

«Қазірдің өзінде дүниежүзілік деңгейдегі әуежайды Қазақстанда бірінші рет Түркістанда салдық. Қазір Ыстанбұлдан екі рейс келеді, жақында Ташкент, Ашхабад, Бішкектен келетін болады. Рейстер көбейіп, халықаралық пойыздар қосылады. Сонда келетін туристер саны да көбейеді. Жұмыс қызады, жастарға жұмыс орындары ашылады. Мүмкіндіктер көбейеді. Мұнда тағы туристерге қызмет ететін университет салынды. Түркістанда халықаралық деңгейдегі театр салынды. Міне, осындай ойласақ ойға келмейтін істер болып жатыр. Бұған қуанайық. Осының бәрі Қазақстанның 30 жылдығына жасап жатқан тартуы. Ата-бабаның арманын орындап, тәуелсіз Қазақстанды осылайша көркейтіп жатырмыз. Алла бізді бірліктен айырмасын. Елдің ішінде ауызбіршілік мықты болсын. Қазақ біріккенде — барлығын жеңеді. Былтыр келген адам Түркістанды қазір танымайды. Ай сайын, жыл сайын өзгеріп тұрады. Қала Астанадан да тез дамып, салынып жатыр. Ендігі, 2025 жылға дейін бұдан да үлкен, керемет болады. Қазір халқының саны 200 мың болса, 2025 жылы 300 мыңнан асып кетеді деген жоспар бар. Біз елорданы салған кезде 2030 жылы халқының саны бір миллион болады дегенбіз. Қазір 1 млн 200 мың, үш миллион болайын деп тұр. Сондықтан мынадай қарқын болса — жетеді. Халықтың сұранысы қандай, тіпті іргетасы қаланып жатқан тұрғын үйлерді сатып алғысы келеді. Алдағы төрт жылдың ішінде Түркістанда 26 мың пәтер салынады деп жоспарланып отыр»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Иә, Түркістанның туристік әлеуеті зор. Ал, қонақтарды қарсы алып, тау, тасы тарихқа бай өлкемен таныстыратын «Визит Центр» орталығы да салынған. Пандемияға дейін Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи мовзолейіне келушілер саны бір жарым миллион адам болса, бұл көрсеткіштер осы екі үш жылдың ішінде екі үш есе өседі деген сенім бар. Алдағы міндеттер ауқымды екенін атап өткен Елбасы сапары барысында жауапты шаруаны абыроймен жұмыла атқару керектігін қадап айтты.

Еске салсақ, Елбасының 2018 жылғы 19 маусымдағы Жарлығымен Түркістан облысы құрылды.

https://www.inform.kz/kz/turkistan-oblys-ortalygy-bolgaly-beri-257-nysan-salyndy_a3786960

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *