ШЫМКЕНТТЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XLII ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
ШЫМКЕНТТЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XLII ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезекті XLII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Іс шарада Партия филиалы Саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері айтылды. Бүгінгі конференция жұмысы Zoom платформасында онлайн түрде жүргізілді.
Конференцияны ашып жүргізген қала басшысы, партияның қалалық филиалы төрағасы М.Айтенов қалада жетекші партияның 35 мыңға жуық мүшесі бар екенін атап өтті. Партия мүшелері партияның негізгі күші болып табылатын 49 бастауыш ұйымдарына топтасып Елбасы тапсырмаларын өңірде қарқынды жүзеге асырып келетінін жеткізді.
Жиында «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның есебі тыңдалды. Оның айтуынша, есепті мерзімде партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Жастар Отанға!», «Құтты мекен», «Халыққа көмек» жобалары бойынша 151 524 адам қамтылып 1342 іс-шара өткізілген. Ал партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне қала тұрғындарынан 35 мыңнан астам өтініш түскен болса, олардың 22272 оң шешімін тапқан.
Сондай-ақ, конференция барысында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, партия филиалының бақылау-тексеру комиссиясы сайланды.
Конференция жұмысын қорытындылаған қала әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов халықпен бірлескен жұмысты күшейту мақсатында партия активіне нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі