ҚАЛА ӘКІМІ «САЙРАМ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ «САЙРАМ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Сайрам» тұрғын алабына барды. Шаһар басшысы әлеуметтік нысандар құрылысы және тарихи-мәдениет орындарының жағдайымен танысты.

Бүгінде «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс барысында атқарылған жұмыстар жалпы 70 %-ды құрайды.

Бас мердігер – «Жаңа Арна 2002» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың наурыз айында басталған еді. Мердігер мекеме құрылысты 30 тамызда аяқтауды жоспарлап отыр. 2021 жылға бөлінген қаржы – 497 246, 0 мың теңге. Оның игерілгені 183 249,4 мың теңге.

Қала әкімі құрылысты сапалы жүргізуді және жоспарлы мерзімде аяқтауды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *