ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 136 042 АДАМ ВАКЦИНАЛАНДЫ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 136 042 АДАМ ВАКЦИНАЛАНДЫ
Шымкент қаласында өткен тәулікте 11 435 адам вакцина салдырды: I компонент – 5833, II компонент – 5602. Егу науқаны басталғалы барлығы 136 042 адам вакциналанды.
5 мамыр күні КВИ-дің 70 жағдайы тіркелді. 28 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 42 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6). Төсек-орын толымдығы – 51 %, 683 төсек-орын бос.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 5 мамыр күні 268 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Коронавирус инфекциясын жеңудің бірден-бір жолы – вакциналау. Қалада вакцина жеткілікті. Егу бекеттерінің де саны артып келеді. Қала тұрғындарын сақтық шараларына мән беруге, тезірек екпе салдыруға шақырамыз.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі