«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІНДЕ 100 ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІНДЕ 100 ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

slider
slider
Келушілер тарапынан жұмыссыздық, тұрғын үй, қала тазалығы, су, спорт алаңдары мен балалар ойын алаңшаларын қайта қалпына келтіру мәселелері көтерілді. Шаhар басшысы екі қолға бір күрек іздеген азаматтарға «Жасыл Түркістан» мекемесі арқылы жұмысқа орналасып, қала дамуына, соның ішінде көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына қолғабыс етуге шақырды. Сондай-ақ, бір азамат «Түркістан-Су» мекемесіне оператор ретінде жұмыс істеуге тікелей жолданды. Одан өзге, түрлі кәсіпке қызығушылығы бар тұрғындарды «Менің кәсібім» жобасын жандандыру арқылы мүмкіндік беріп, қолдау мәселесін айтты.
Сонымен қатар, жас азаматтан Қ. А. Ясауидің хикметтерін аудионұсқада Рухани-мәдени орталыққа орнату ұсынысы жасалды. Рашид Абатұлы жастар тарапынан ұсыныстар мен жобаларға оң көзқарас танытатынын айтып, қолдау білдіруге әзір екенін айтты. Одан өзге, қала әкімі кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтарға «Түркістанда жасалған» белгісін қосуға ұсыныс білдіріп, қаланың дамуына қосып жатқан үлестеріне алғысын айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *