ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АЛҚАБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Түркістан қаласы маңынан өткен жылы 320 гектар жер «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне алынды. Оның 300 гектары өңделіп, 200 гектарына бадам (миндаль), қарағаш, өрік көшеттері егілді.Сонымен қатар, Түркістан қаласы аумағындағы 740 гектар жер телімі «Жасыл аймақтың» теңгеріміне алынып, мемлекеттік акті алу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан өзге, ағымдағы жылы Түркістан қаласы аумағында «Жасыл белдеу» алқабының жұмысы басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныңбасшысы Ілияс Құрамысов мәлімдеді.

Сондай-ақ, өткен жылы мемлекеттік орман қорын 1 млн. 593 мың гектарға ұлғайту жоспары 101 пайызға артығымен орындалып, орманмен көмкерілген алқап көлемі 1 млн. 604 мың гектарға жеткен

«2018 жылы өңірде 15 500 гектарға көшет отырғызылды. 104 гектар таулы және тоғайлы алқапқа, 600 гектар құмды алқапқа сексеуіл көшеттері егілді. 7 мың гектарға сексеуіл тұқымы себілді. Сонымен қатар, 5 682 гектар жерде толықтыру және 18 256 гектарда күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді», – деді Ілияс Шойбекұлы.

Сырдария өзенінің бойындағы тұқымбақта жартылай еркіндікке жіберілген Бұқар бұғыларының саны былтыр 9 басқа артып, 155-ке жетті. Олардың 84-і ішкі қоршауда, 71-і еркіндікте жүр. 2018 жылы Бүкіләлемдік табиғат қорымен (WWF) өңірлік парктен 5 бас бұғы Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына жерсіндірілді.

Облыста жылдан жылға жер қойнауын пайдалану саласының инвестициялық тартымдылығы жоғарылап келеді. Жер қойнауын пайдаланушылар есебінен өңірдің әлеуметтік саласына 2018 жылы 1 млрд. 226 млн.теңге қаражат аударылған. Оның 92 миллионға жуығы кең таралған пайдалы қазбалардан түсіп отыр. Ал, орманды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудан 31 млн. 52 мың теңге, жануарлар дүниесін пайдаланудан 132 млн. 621 500 теңге түсім түсірілді.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *