ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ

Шымкент қаласында қазіргі таңда 21 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай әр қарт майдангерге жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек – 360 АЕК яғни, 1 050 120 теңгеден берілді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қаражат барлық соғыс ардагерлерінің есеп-шоттарына толығымен аударылған.

Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың шешімімен 3307 тыл ардагеріне 12 АЕК, яғни 35 мың теңгеден астам бір реттік ақшалай төлем жүргізілуде. Тыл ардагерлеріне барлығы 115 млн 758 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген.

7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға, атап айтқанда, Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар, Семей полигоны ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған, радиациялық апаттар мен авариялардан зардап шеккен азаматтарға 36 АЕК (105 012 теңге) көлемінде ақшалай көмек аударылады.

Жалпы, бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 82 124 болса, оның ішінде 21 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. 3307 тыл еңбеккері және 1728 ҰОС қатысушыларға теңестірілген азаматтар тұрады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *