«ZHASYL ZHER» МЕКЕМЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

«ZHASYL ZHER» МЕКЕМЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

Коронавирус инфекциясын жеңудің бірден-бір жолы – екпе салдыру. Бүгінде қалада көптеген мекемелер ұжыммен бірге екпе алуға белсенді қатысуда. Қазіргі жағдайда вакциналау өте маңызды.

Бүгін Шымкент қаласының «Zhasyl zher» ЖШС қызметкерлері де ұйымдасқан түрде вакциналауға қатысты. «Zhasyl zher» ЖШС – Қаратау ауданы аумағындағы орталық маңызға ие және ішкі орам көшелері, аулаларға санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізетін мекеменің бірі.

Аталған мекеменің 50 қызметкері ерікті түрде вакцина салдырды. Сондай-ақ, қызметкерлер барша қала тұрғындарын індеттің алдын алу мақсатында ерікті түрде екпе алуға шақырды.

Қалада вакцина жеткілікті. Егу бекеттерінің де саны кезең-кезеңімен артып отыр. Қала тұрғындарын сақтық шараларына мән беруге, тезірек екпе салдыруға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *