Әкімдер кабинеттен шығып аудан аралап жүр
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың 31 қаңтар күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбекұлы, Абай ауданының әкімі Бұхарбай Рысқұлұлы және тиісті басқарма өкілдері – «Құрсай», «Жаңақұрылыс-2», «Қызылжар» және «Жаңа Тұрлан» шағынаудандарындағы инфрақұрылым мәселелері бойынша тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауыз су, жарық және көгілдір отынмен қамтамасыз ету және тұрғын үй салынған жер телімдерінің заңдастыру мәселелері көтерілді.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген бірқатар мәселелер оң шешімін тауып, басқарма өкілдері берілген сұрақтарға алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатынын айтып өтті.
Қала әкімінің орынбасары Н.Ергешбек кездесу барысында белсендік танытқан аудан тұрғыны А.Алпысовқа халықтың мұң-мұқтажын жеткізгені үшін алғысын білдірді.
Елдімекен тұрғындары қолға алынып жатқан істерге сәттілік тілеп, ризашылықтарын айтты.