БАДАМ ӨЗЕНІН АБАТТАНДЫРУ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮРГІЗІЛУДЕ

БАДАМ ӨЗЕНІН АБАТТАНДЫРУ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс нысандарын аралау барысында Бадам өзеніне де ат басын тіреді. Бадам өзенін абаттандыру мұнай өңдеу зауытынан Забадам шағын ауданына дейін кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

Бірінші кезеңде 3 шақырым, екінші кезеңде 6,2 шақырым аумақ абаттандырылады. Өзен аумағына асфальт төселіп, су тасыған кезде бүлінген жерлер қайта қалпына келтіріледі.

Бас мердігер — «СтройСервис-7» ЖШС.

Қала әкімі барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Одан әрі күтіп-баптауға қаржы бөлу мәселесі келер жылдың бюджеттік өтініміне мәслихат қарауына ұсынылатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *