ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ 32 СЕКТОРҒА БӨЛІНГЕН

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ 32 СЕКТОРҒА БӨЛІНГЕН

slider

Түркістанның табиғи тынысына айналған қаланы қоршаған жасыл аумақта бүгінде миллионнан астам көпжылдық ағаш көшеттері жайқалып өсіп тұр. Қала аумағында терек, қайың, қарағаш, шаған, арша, үйеңкі секілді көпжылдық ағаштар егілді. Түркістан қаласында қызу жүріп жатқан көркейту және абаттандыру жұмыстарының барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жеке бақылауында.

Осы мақсатта Түркістан қаласы 32 секторға бөлінген. Әр аумаққа аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты. Облыс орталығымен бірге қалыптасып, бірге бой көтерген «жасыл белдеуді» аралаған сайын Өмірзақ Естайұлы егілген көшеттердің суарылуына аса мән беруді міндеттейді. Ол үшін сектор аумағында ұңғымалар қазылып, жер асты сулары пайдалануда. Әр секторда 10 мыңға жуық көшеттер отырғызылып, әр талдың түбіне су жеткізілуде. Тамшылатып суару жүйесі жүргізілді. Кей секторлар қажетті суды Арыс-Түркістан каналынан тартуда. Сонымен қатар, ағаштарды отырғызу барысында тиісті тыңайтқыштар қолданылған.

Көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтар орнатылды. Сондай-ақ демалыс орындары мен көшелердің бойына субұрқақтар қойылды. Қаланы көркейту бір үлгіде жүзеге асуда. Қала аумағында веложолдар төселіп, газон шөптері егілген. Апта сайын 32 сектор аумағында аудан, ауылдардан келген азаматтардың қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылуда.

Түркістан шаһарын көркейту, экологиялық жағдайды жақсарту үшін кешенді жұмыс жүріп жатқаны белгілі. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, жасыл көшеттерді желден, суықтан және басқа да сыртқы факторлардан қорғау үшін ағаштар қорғаныш жіппен байланып, тіреулермен қоршалуда. Бірқатар жобаларды жүзеге асыруға түркістандықтар тікелей атсалысқандықтан, олар «Халықтық жоба» аталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *