«СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ» — ЖАҢА КОДЕКСТІҢ ЖАҢАШЫЛ ҚАҒИДАТЫ

«СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ» — ЖАҢА КОДЕКСТІҢ ЖАҢАШЫЛ ҚАҒИДАТЫ

slider
Шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексі күшіне енеді. Заңнама жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыруды, жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізуді, тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз етуді, жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайтуды қамтамсыз етеді.

Нақтырақ айтқанда, Кодекстің негізгі мәні тұлғалардың әкімшілік органға жүгінуі нәтижесінде қабылданатын әкімшілік акті, оны орындау, заңсыз актіні заңсыз деп тану, жоюмен байланысты әкімшілік органдарының қызметі, сондай-ақ әкімшілік орган және соттың дауларды шешу тәртібі болып табылады.

«Кодекстің тағы бір жаңашылдығы — ендігі жерде сотта әкімшілік іс қаралғанда дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетін болады. Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс. Жаңа кодекс бойынша азамат мемлекеттік органның шығарған әкімшілік актісімен келіспейтіні туралы «талап қоюмен» жүгінсе жеткілікті. Сот талап қоюшыға талап қоюды дұрыс толтыруға, формальды қателерді түзетуге, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеп, өзінің шығарған шешімінің орындалуын бақылайды»,-дейді Түркістан облысының Әділет департаментінің бас маманы Үрмия Құлымбет.

Оның айтуынша, осы жерде Кодекстің жаңашыл қағидаты «соттың белсенді рөлі» қағидаты жұмыс жасайды, яғни сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелер жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.

Кодекс әкімшілік органдарға әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйымдарға жария құқықтық қатынастарды жүргізу барысында үлкен жауапкершілік жүктейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *