ШЫМКЕНТ : 30 күн оразада 30 мың отбасына көмек көрсетіледі
ШЫМКЕНТ : 30 күн оразада 30 мың отбасына көмек көрсетіледі
МЫҢ АЙДАН ДА ҚАЙЫРЛЫ, БАРША МҰСЫЛМАН БАЛАСЫ САҒЫНА КҮТКЕН РАМАЗАН АЙЫ ДА КЕЛІП ЖЕТТІ. ҚАСИЕТТІ АЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ ШЫМКЕНТТЕГІ ОРТАЛЫҚ «АҚМЕШІТ»МЕШІТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «РАМАЗАН-ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ» АТТЫ ЧЕЛЕНДЖ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ. ҚАЛА ӘКІМДІГІ МЕН БІНИ БАСҚАРМА БІРЛЕСІП ӨТКІЗГЕН ИГІ ШАРА БАРЫСЫНДА 1000 ОТБАСЫНА АУЫЗАШАР СЕБЕТІ ТАБЫСТАЛДЫ.
Рамазан- сабырлылық пен имандылық айы. Жамағат отыз күн ораза тұтып, түрлі жаман қасиеттерден өз бойын аулақ ұстайды. Өтірік, өсек , былапыт сөздерден ауызды тиып, игі істерге бастау болады. Қасиетті айда түрлі себептермен ораза тұта алмаған жандар , ауызашар не садақа беріп сауапқа бөленеді. Ораза тұта алмаған адамның жетім-жесір мен қайыршыны тамақтандыру арқылы да сауап алуына болады. Дін қызметкерлері қолға алған бұл шара қаламызда дәстүрге айналып та үлгерді. Қала әкімінің өзі бас болған челенджге жомарт жандар мен қала халқы да ат салысып келеді.
Бұған дейін дастархан жайып аста-төк ауызашар ұйымдастырылатын. былтырдан бері еліміздегі қалыптасқан пандемиға байланысты себеттер мұқтаж жандарға үлестіріле бастады. Дін өкілдері 30 күн оразада 30 мың отбасына осындай себет таратып, қуантсақ деген ойымыз бар , дейді Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов.
Жалпы бұл бастама қаламыздағы барлық аудандарда жалғасады. Қасиетті айда қолдан келсе өзгеге көмек беріп сауапқа кенеліңіздер. Қасиетті айда жамағаттың тілеген тілектері орындалып, ораза ұстап ауыз бекіткен жандардың оразасы қабыл болсын.
Қасиетті айдағы қайырымдылық шарасы Шымкенттегі төрт ауданда орналасқан әртүрлі мешіттердер жалғасын табады. Ұйымдастырушылар мұсылман қауымды сауапты іске сеп болуға шақырады.