ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ҚЫЗАНАҚ ПІСТІ
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ҚЫЗАНАҚ ПІСІП ЖАТЫР
Шаруалар әр түптен 10 кг дейін өнім жинамақ. Жоғары сұрыпты қызанақ өнімді мол береді. Әрі төзімді. Диқандар әр гектардан кемінде 60 тонна өнім жинауды көздеуде.
Оған қоса, шаруа қожалықтың құрамында мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Мұнда «Ангус», «Ақбас» тұқымды 100-ге жуық ірі қара мал бордақыланып жатыр. Былтыр мал шаруашылығын бастаған шаруақожалық алғашқы лекпен 54 дана асылтұқымды малдарды солтүстіктен алдырған. Бүгінде мал басын көбейтіп, ішкі нарыққа ет өндіріп шығарып келеді.
Осылайша шаруа биылғы жылы мал басын көбейтіп, етті бағытта өнімді еліміздің базарланына шығаруды көздейді. Мұнда 2 адам жұмыспен қамтылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі