ТОҚАЕВ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ АРНАУЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ

ТОҚАЕВ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ АРНАУЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ

slider
Түркістан өңірінде Түркі елдерінің бірлескен арнаулы экономикалық аймағын құру қажет. Мұндай ұсынысты Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасады.
«Пандемия бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысқа әкеп соқтырды. Індеттің салдарынан өзара сауда айналымы азайып кетті. Нақты айтқанда, Қазақстан мен Түркі кеңесіне мүше елдер арасындағы сауда-саттық көлемі былтыр шамамен 7 млрд доллар болды. Бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштен 11,2 пайызға төмен. Сондықтан біздің елдеріміз үшін алыс-берісті ұлғайта түсу басты міндеттің бірі», — деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда ҚР Президенті тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндігі зор екендігін баса айтты.
«Осыған байланысты Түркістанның үлкен инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндіктері бар. Оның қомақты табиғи ресурсын, адами капиталы мен туристік әлеуетін ескеріп, Түркістан өңірінде Түркі елдерінің бірлескен арнаулы экономикалық аймағын құруды ұсынамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *