Шымкентте өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды
Шымкентте өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды
Өртке не себеп болғаны белгісіз. Мамандар төтенше оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр
Шымкентте көлік өртеніп кетті, ішінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлады Sputnik. кз otyrar.kz.- ке сілтеме жасап.
Өрт 26 наурыз күні сағат 20:48-де Сайрам тұрғын үй алабында (Қаратау ауданы) әл-Фараби көшесінің бойында болған.
Toyota Camry 35 көлігі отқа оранды. Өрт 21:02-де ауыздықталып, 22 минутта сөндірілді.
Көлік ішінен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері мен 2 техника және зерттеу сынау өртке қарсы зертханасының екі маманы жұмылдырылды», — деді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
https://sputnik.kz/incidents/20210328/16632639/shymkent-mayit.html