ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАСЫЛ АЙМАҚТА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАСЫЛ АЙМАҚТА

slider
Түркістан облысы вакцинация бойынша көш бастап тұр. Өңірде өз еркімен 13 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе қабылдады. Оның ішінде 10 674 медицина қызметкерлері болса, 1276 педагогтар. Ал, 444 полиция қызметкерлері мен 75 басқада санаттағы азаматтар. Қазір екінші компонентпен 3264 адам вакцина салдырды. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 20 емдеу мекемелерінде жүргізілуде.

Қазіргі уақытта облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы тәулікте Түркістан облысында 6 адамда COVID-19 індеті расталған. Тәуліктік өсім 0.16% құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 574 400 ПТР- сынамалары алынған. Ал соңғы тәулікте зертханаларда 2758 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар, олардың 478-і бос.

Аймақта бүгінде жалпы 23429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігерлер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ халатты жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 4292 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 4445 жағдай тіркелді. Олардың 2849-да ауру симптомсыз өткен болатын.

Облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы, 800-дей дәріхана жұмыс істейді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *