БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ: ӨРТ СӨНДІРУШІ ӘЙЕЛ МЕН БІР БАЛАНЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРҒАН

БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ: ӨРТ СӨНДІРУШІ ӘЙЕЛ МЕН БІР БАЛАНЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРҒАН

slider
Қоғамымыздағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші маман қызметі. Олар күн сайын өз өмірін тәуекелге тігіп, тілсіз жаумен алысады. Талай адам өмірін аман сақтап, өз жұмысын адал атқарып келе жатқан жандар елімізде аз емес. Солардың бірі — Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасында аға инженер, азаматтық қорғау капитаны Азамат Булдурыков.
Әрбір құтқарылған адам-өртке қарсы қызметтің кызметкерлері үшін үлкен қуаныш және сәттілік. Осындай қуанышқа және халықтың алғысына бөленіп жүрген Азамат мырза көптеген ірі және созылмалы өрттерді сөндіру кезінде алдыңғы шептен көрінді. Солардың бірі 2017 жылы «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ мұнай базасының резервуар паркіндегі орын алған өртті сөндіру барысында Азамат Булдурыков өз табандылығын көрсетіп, жеке құрамға үлгі бола білді. Осы өртте көрсеткен ерлігі үшін «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Сонымен қоса жас маман А.Байтұрсынов көшесінің бойындағы көпқабатты үй пәтерінің бірінде орын алған өртті сөндіру барысында кәсібилігін тағы да дәлелдеді. Ол төртінші қабатта пәтерге толған түтіннен тұншыққан әйел кісімен оның немересіне тез арада көмек көрсетіп, сүлгіні сулап тыныс алу органдарын жауып, баланы көтеріп, қарт кісіні жетектеп сыртқа беттейді. Үшінші қабатқа жеткенде газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын көріп қолындағы қызды әріптесіне беріп, өзі әйел кісіні сыртқа алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Одан әрі үйге қайта кіріп, өртті сөндіруге жетекшілік етті. Аталған өртті сөндіру барысында 3 адам құтқарылып, 7 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Үйдің тұрғындары өмірін құтқарған өрт сөндірушілерге алғысын білдіріп, Шымкент қаласы ТЖД бастығының атына алғыс хат жазды.
Жас болсада өзінің біліктілігін таныта білген азаматтық қорғау капитаны Азамат Булдурыков Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен және ҚР Ішкі істер министрлігінің атынан «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» меделімен марапатталған. Сонымен қоса, ол «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының төртінші кезеңіне қатысу үшін өтінім білдірген.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *